+2
Under review

Хоумбанктың қазақша нұсқасы

Sayat Mukhamediyarov 1 year ago • updated by Атабек 5 months ago 5

Сәлеметсізбе! Неге Хоумбанк Қазақ тіліне толық аударылмаған? "Homebank.kz-тің көптеген бөлімдері әзірлену үстінде . . ." дегенді өзім көргелі бір (екі) жылдан асып барады. Бір сайтты аударуға қанша уақыт керек? Мемлекеттік тілге неге немқұрайлы қарайсыздар? Күте тұрыңыз деген хабарды бір ай көрдік, жарты жыл көрдік, бір жылдан асып екінші жыл болғалы тұр! Шыдамның да шегі болады ғой. Тезірек қазақ тіліне аударылуын сұраймын! 

Неге жауап бермейсіздер? Сііздерге сұрақ қойдым, жауабын әлі алмадым. Орыс тілінде қойған қолданушылардың бәріне жауап беріп маған ғана жауап бермегендеріңізді қалай қабылдаса болады? Немқұрайлық па әлде дискриминация ма?

Under review

Саламатсыз ба!

Сіздің сұрағыңыз бойынша мамандарға хабарламаңызды жібердік.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.


Ізгі ниетпен, Азиза!


Қайырлы күн! Меніңде байқағаным осы, неге 2 жылдан бері осы сайтты мемелекеттік тілге аудара алмайсыздар? Әрине түсіністікпен қарап жатырмыз, бірақ түсіністіктің де шыдамы бар ғой. Соншалықты бірде-бір аудармашы табылмай қалды ма? Орыс тілін түсінбейтіндер неге қиналу керек? Көп адамдардан осыны естймін, көңілдері толмайды, бірақ олар қайда жазарын, кімге айтарын білмейді. 

ас саламу ғалейкум! Қолдаймын, жаңа нұсқасында да жоқ қазақшасы

Саламатсыз ба!


Сіздің ұсынысыңызды мамандарға жібердік.


Құрметпен,Атабек